Казталов ауданы Казталов ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2025 жылдың 13 шілде күні Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 шілдедегі №68 шешімімен Галимов Ернар Бахтиярович Казталов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1984 жылы туған, Казталов ауылдық округінің әкімі, Казталов ауылында тұрады.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы