КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-7-бабының 2-тармағына және 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 20 маусым және 15 шілде күні Көктерек ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Габдулов Амангазы Жардемгалиевич - 1981 жылы туған, Қараөзен ауылдық мәдениет үйінің бөлім жетекшісі, өзін-өзі ұсынды;
- Даутов Мейрбек Темирболатович - 1990 жылы туған, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, өзін-өзі ұсынды;
- Амангалиев Назар Сапарович - 1988 жылы туған, Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы