БҚО Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеде Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 875 азамат енгізілді, оның ішінде 585 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Батыргалиев К.Г. – 498, Бупешова Г.Ж. – 37, Жангалиев А.А. – 31.
Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып Батыргалиев Куаныш Гилымович сайланды, 1979 жылы туған, жұмыссыз, Жаңажол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы