Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы Казталов ауылдық округінің әкімін сайлау
2025 жылғы «13» шілде
(сайлау күні)
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру қорытындыларын №222 учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауыстарын есепке алмай шығару туралы
№15 ХАТТАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 43-бабының 3-1 және 9-тармақтарына, 113-8 бабының 2-тармағына сәйкес «Жария» тәуелсіз байқаушыларының Батыс Қазастандық қозғалысы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің байқаушысы З.Г.Акимгужинаның 2025 жылғы 13 шілдедегі №2 актісімен анықталған сайлау заңнамалары талаптарының сақталмауына байланысты Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Негіздеме: №222 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Галимовтың түсініктемесі және «Жария» тәуелсіз байқаушыларының Батыс Қазастандық қозғалысы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің байқаушысы З.Г.Акимгужинаның 2025 жылғы 13 шілдедегі №2 актісі.
Хаттаманы комиссия мүшелері талқылап, дауысқа салып, комиссия мүшелерімен бірауыздан қабылданды.
Қарсы, қалыс қалғандар болған жоқ.