Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол және Казталов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерін ашу туралы хабарлама
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің №245, №255, №256 және Казталов ауылдық округінің №219, №220, №222, №223, №258 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2025 жылғы 13 шілде күнгі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша Жаңажол ауылдық округінде үш және Казталов ауылдық округінде бес сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.