Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімі сайлауының мерзімін ұзарту туралы

Қазақстан Республикасы

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының

Көктерек ауылдық округі әкімі

сайлауының мерзімін ұзарту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына,     113-7-бабының 2-тармағына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 27 шілдеге дейін ұзартылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 4 шілдеде басталып, 2025 жылғы 10 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталсын.
  4. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 15 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталсын.
  5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

 

 

  Төраға                                                 Ж.Темиргалиев

 

 

  Хатшы                                                  Е.Тылекеш

Дата публикации
04 июля 2025