КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 20 маусым күні Казталов ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Галимов Ернар Бахтиярович - 1984 жылы туған, Казталов ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынды;
- Нигметов Асхат Нурланович - 1989 жылы туған, С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры, өзін-өзі ұсынды;
- Шокпанов Мукагали Утегенович - 1994 жылы туған, Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы