Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы

Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына, 2, 4-тармақтарына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 13 шілдесіне тағайындалсын.
  2. 2025 жылдың 13 шілдесіне тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық–саяси газетінде және Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

  Төраға                                                 Ж.Темиргалиев

 

 

  Хатшы                                                    Е.Тылекеш

Дата публикации
04 июня 2025