Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2025 жылдың 2 наурыз күні Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №11 шешімімен Губашев Айбол Сагидуллиевич Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1988 жылы туған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі, Қайыңды ауылында тұрады.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы