КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КАЗТАЛОВ АУДАНЫ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КАЗТАЛОВ АУДАНЫ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 9 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Қайыңды ауылдық округі әкімі лауазымына барлығы үш кандидат ұсынылды, 1 - «Amanat» партиясынан, 2 - өзін-өзі ұсынды.

2025 жылғы 9 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша үш кандидат тіркелді.

 

 

Казталов ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2025