КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 7 ақпан күні Қайыңды ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Губашев Айбол Сагидуллиевич, 1988 жылы туған, Қайыңды ауылдық округінің әкімі, Казталов ауданы Қайыңды ауылында тұрады, «Amanat» партиясы ұсынды;
- Сағатұлы Еламан, 1998 жылы туған, Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Казталов ауданы Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Гайсина Назерке Айдаровна, 1996 жылы туған, Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Казталов ауданы Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы