2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қайыңды сайлау округін құру туралы

2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қайыңды сайлау округін құру туралы

 

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  14-бабының  6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қайыңды ауылдық округі аумағының шекарасында – Қайыңды сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

                      Төраға                                         Ж.Темиргалиев

Дата публикации
22 января 2025