Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылғы 2 наурызға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауын

2025 жылғы 2 наурызға тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

                      Төраға                                         Ж.Темиргалиев

Дата публикации
22 января 2025