Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және           113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2024 жылдың 1 желтоқсан күні Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №68 шешімімен Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы Талдыапан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының есепшісі, Жалпақтал ауылында тұрады.

 

                 Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 декабря 2024