БҚО Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 1 желтоқсанда Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 689 азамат енгізілді, оның ішінде 596 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұмағұлов Қ.Қ. – 432, Байболов Н.К. – 100, Ишанов Е.Ж. – 40.
Талдыапан ауылдық округінің әкімі болып Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы сайланды, 1989 жылы туған, Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының есепшісі, Жалпақтал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы