БҚО Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

БҚО Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 24 қарашада Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 491 азамат енгізілді, оның ішінде 346 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ашихов Д.А. – 162, Кункаков Е.А. – 155, Мукатаев К.К. – 19.

Тереңкөл ауылдық округінің әкімі болып Ашихов Даурен Айтжанович сайланды, 1980 жылы туған, Тереңкөл ауылдық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі, Нұрсай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 ноября 2024