КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

КАЗТАЛОВ  АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Казталов ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 8 қараша күні Талдыапан ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

 

  1. Байболов Нурбек Каныбекович, 1991 жылы туған, Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Казталов ауданы Әжібай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы, 1989 жылы туған, Казталов ауданы Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының есепшісі, Казталов ауданы Жалпақтал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Ишанов Ержалгас Жанболатович, 1990 жылы туған, Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Казталов ауданы Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

    

Казталов ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы 

Дата публикации
08 ноября 2024