Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауын
2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Ж.Темиргалиев