Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылдың 24 қарашасына тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын

2024 жылдың 24 қарашасына тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 24 қарашасына тағайындалсын.
  2. 2024 жылдың 24 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

                           

 

Төраға                                           Ж.Темиргалиев

 

Дата публикации
16 октября 2024