БҚО Казталов ауданы Бірік ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 4 тамызда Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 649 азамат енгізілді, оның ішінде 339 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жакиев Ж.Т. – 248, Жангалиев А.А. – 52, Кункаков Е.А. – 26.
Бірік ауылдық округінің әкімі болып Жакиев Жігер Темірбекұлы сайланды, 1989 жылы туған, Бірік ауылдық округінің әкімі, Әжібай ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы