Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімінің сайлауын
2024 жылғы 4 тамызға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Ж.Темиргалиев