2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бірік сайлау округін құру туралы

2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бірік сайлау округін құру туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бірік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бірік ауылдық округі аумағының шекарасында – Бірік сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

                        Төраға                                        Ж.Темиргалиев

Дата публикации
26 июня 2024