Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және           113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2024 жылдың 26 мамыр күні Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы №17 шешімімен Шарипов Радж Болакаевич Қошанкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1982 жылы туған, Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Казталов ауылында тұрады.

 

                 Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 мая 2024