БҚО Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

БҚО Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 26 мамырда Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) - тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 727 азамат енгізілді, оның ішінде 461 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Шарипов Р.Б. – 342, Сабирова А.С. – 73, Мурзагалиев Е.М. – 37.

Қошанкөл ауылдық округінің әкімі болып Шарипов Радж Болақайұлы сайланды, 1982 жылы туған, Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Казталов ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

 

Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 мая 2024