КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

КАЗТАЛОВ  АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Казталов ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 3 мамыр күні Қошанкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

 

  1. Шарипов Радж Болакаевич, 1982 жылы туған, Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Казталов ауданы Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Мурзагалиев Еркебулан Мирболатович, 1993 жылы туған, Казталов ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы, Казталов ауданы Казталов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Сабирова Айымгүл Серікжанқызы, 1993 жылы туған, Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Казталов ауданы Қошанкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

    

Казталов ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы 

Дата публикации
03 мая 2024