Шешім жобасы: Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жоба

 

Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Казталов ауданында тұрғын ұй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Лауазымы                                                                            Аты-жөні  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешіміне 1-қосымша

 

   

     

   Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсету  мөлшері және тәртібі

  

 1-тарау. Жалпы ережелер  

  1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Казталов ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

 коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

 Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

  1. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстары 5 (бес) пайыз ретінде айқындалады.
  2. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
  3. Тұрғын үй көмегін тағайындауды қызмет көрсетуші – Казталов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жүзеге асырады.  

 2-тарау. Тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағидалар).
  2. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді арттыру бөлігінде байланыс қызметтеріне өтемақы «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
  3. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және пайдалы алаңның 18 (он сегіз) шаршы метрден аспайтын, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аумақ нормасы қабылданады.

 3-тарау. Тұрғын үй көмегін   көрсету тәртібі  

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб – порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы  Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.       

 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2 – қосымшасында көрсетілген.        

 Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8–тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.         

 Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.       

   Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11 – тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын кұжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

 

 4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу        

  1. Қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.      

         Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, қызметті алушы заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешіміне 2-қосымша    

 

 

Казталов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі  

 

  1. Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы №44-8 «Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6033 тіркелген).
  2. Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 6-1 «Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 44-8 «Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7175-07 тіркелген).


     

 

Дата публикации
01 февраля 2024