2024 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы

2024 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»

  1. 2024 жылы «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит – аудан орталығына екі мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, ауылдық округі, елді мекендерде екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шешім жобасы
Дата публикации
23 января 2024