Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 2 желтоқсан күні Талдықұдық ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Талдықұдық сайлау округі бойынша:
- Амангалиев Эльдар Талгатович, 1986 жылы туған, Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман, Казталов ауданы Талдықұдық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Майжанов Есболат Хабиболлаевич, 1985 жылы туған, Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-бухгалтері, Казталов ауданы Нұрсай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Науханов Кайрат Казиоллинович, 1992 жылы туған, Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман, Казталов ауданы Бостандық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
Казталов аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы