Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                  №79                       2023 жылғы 15 қараша

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі

әкімінің сайлауын 2023 жылғы 24 желтоқсанға

тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Казталов аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Ж.Шакуов

Дата публикации
15 ноября 2023