Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Талдықұдық сайлау округін құру туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                 №78                       2023 жылғы 15 қараша

 

2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі

әкімін сайлау жөнінде Талдықұдық сайлау округін

құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдықұдық ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Талдықұдық ауылдық округі аумағының шекарасында – Талдықұдық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Казталов аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Ж.Шакуов

Дата публикации
15 ноября 2023