КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КАЗТАЛОВ АУДАНЫ БОСТАНДЫҚ, ҚАРАӨЗЕН ЖӘНЕ ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 14 қараша күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде Бостандық, Қараөзен және Қарасу ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Казталов ауданы бойынша:
Бостандық ауылдық округіне барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – "Amanat" партиясы ұсынған, 2 – өзін-өзі ұсынғандар.
Қараөзен ауылдық округіне барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 – өзін-өзі ұсынғандар.
Қарасу ауылдық округіне барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 – өзін-өзі ұсынғандар.
Казталов аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы