КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Казталов ауылы №69 2023 жылғы 1 қараша
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданының Бостандық, Қараөзен, Қарасу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бостандық, Қараөзен, Қарасу ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бостандық, Қараөзен, Қарасу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Шакуов