КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Казталов ауылы №68 2023 жылғы 1 қараша
2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бостандық, Қараөзен, Қарасу ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жөнінде Бостандық, Қараөзен, Қарасу сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Бостандық ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бостандық ауылдық округі аумағының шекарасында – Бостандық сайлау округі құрылсын.
- 23 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қараөзен ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қараөзен ауылдық округі аумағының шекарасында – Қараөзен сайлау округі құрылсын.
- 23 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қарасу ауылдық округі аумағының шекарасында – Қарасу сайлау округі құрылсын.
- Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Шакуов