Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жөнінде Болашақ, Талдыапан сайлау округтерін құру туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                   №33                        2023 жылғы 16 тамыз

 

2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының  Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жөнінде Болашақ, Талдыапан сайлау округтерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Болашақ ауылдық округі аумағының шекарасында – Болашақ сайлау округі құрылсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Талдыапан ауылдық округі аумағының шекарасында – Талдыапан сайлау округі құрылсын.
  3. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Казталов аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Ж.Шакуов

 

 

Дата публикации
16 августа 2023