Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                   №32                        2023 жылғы 16 тамыз

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ, Талдыапан ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Казталов аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Ж.Шакуов

Дата публикации
16 августа 2023