Интернет-ресурста орналастырылған «2023 жылғы 31 наурыздағы №KZ56RYS00370194 көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке» қатысты ескертулері мен ұсыныстарды келесі пошталық және электрондық мекенжайлары арқылы 2023 жылғы 27 мамырға дейін қабылданады:
090000, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59; zko-ecodep@ecogeo.gov.kz, zko_oos@mail.kz.(«Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі);
090700, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинова көшесі, 2; stroikazt@mail.ru («Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі).
Көзделіп отырған қызмет түрі:
«БҚО Казталов ауданы елді мекендеріне тарта отырып, Искра топтық су құбырын қайта құру»;
Көзделіп отырған қызмет бойынша өтініштің бастамашысы:
«Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қысқаша сипаттамасы:
«БҚО Казталов ауданы елді мекендеріне тарта отырып, Искра топтық су құбырын қайта құру» жобасы арқылы Казталов ауданының 10 ауылдық елді мекендерін (Бостандық, Жаңажол, Жалпақтал, Қараөзен, Бірік, Казталов, Қаракөл, Саралжын, Қоныс, Танат) және Бөкейорда ауданының 3 ауылдық елді мекендерін (Ұялы, Саралжын, Кеной) сумен қамту көзделіп отыр. Су құбырларының ұзындығы – 182,8 шақырым.