ЖОБА
Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Казталов ауданы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін.
- «Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданының жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Казталов ауданының әкімі Р. Зулкашев