Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы» қағидаға сәйкес Казталов ауданы әкімдігі 2022 жылдың 19 мамырда сағат 10:00-де Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі №1 мекенжайы бойынша жер учаскелерін беру туралы конкурс өткізеді.