ЖОБА
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
- Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Темиргалиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Нургалиевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.