Казталов ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы (жоба)

ЖОБА

 

Казталов ауданында коммуналдық

көрсетілетін қызметтерді ұсыну

қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Казталов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Казталов ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж. Темірғалиев) осы Қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрғалиевке жүктелсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                            А.Есалиев

 

постановление каз
Дата публикации
27 сентября 2021