2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов аудандық мәслихат депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 және №60/99  қаулыларына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын.
  3. Осы қаулы Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары М.Кусаиновқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

   Комиссия төрағасы                                      Ж.Темиргалиев

 

               Комиссия хатшысы                                       Е.Тылекеш

Дата публикации
15 октября 2026