Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының  1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2026 жылдың 5 шілде күні Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 шілдедегі №50 шешімімен Суйншкалиев Тулеген Максимович Ақпәтер ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1968 жылы туған, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі, Ақпәтер ауылында тұрады.

 

Казталов ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 июля 2026