БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
КАЗТАЛОВ АУДАНЫ АҚПӘТЕР, БОЛАШАҚ ЖӘНЕ ҚАРАОБА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2026 жылғы 9 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Ақпәтер ауылдық округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 5 - өзін-өзі ұсынғандар;
Болашақ ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – "Amanat" партиясы, 2 – өзін-өзі ұсынғандар;
Қараоба ауылдық округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 – өзін-өзі ұсынғандар.
Казталов ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы