Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Батыс

Қазақстан облысы Казталов ауданы

Ақпәтер, Болашақ және Қараоба

ауылдық округтерінің әкімдерін

сайлау бойынша сайлау округтерін

құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                   4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша Ақпәтер ауылдық округі аумағының шекарасында - Ақпәтер сайлау округі, Болашақ ауылдық округі аумағының шекарасында - Болашақ сайлау округі, Қараоба ауылдық округі аумағының шекарасында – Қараоба сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
27 мая 2026