Қазақстан Республикасы Батыс
Қазақстан облысы Казталов ауданы
Болашақ ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2026 жылғы 5 шілдеге
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалсын.
- 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.