
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және 1-сыныпқа қабылдау толықтай автоматтандырылды.
Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, аудан бойынша 5–балабақшаға, 28-мектепке қосымша бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Ауданымыз бойынша үш ауысымды мектеп жоқ, апатты жағдайда деп танылған 3 мектеп, 1 колледж жатақханасы бар.
Биылғы жылы апатты деп танылған А.Оразбаева және Сарықұдық мектептерінің құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Ал, Жұлдыз ауылындағы, А.Хұсайынов атындағы мектеп пен Жалпақтал колледжі жатақханасын салу жұмыстары алдағы уақыттың еншісінде.