
Радж Болақайұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004-2007 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып бастаған.
2007-2009 жылдары Семей қаласындағы 4772 әскери бөлімінде техникалық құралдарды сақтау және жөндеу бөлімінің басшысы;
2010-2017 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2017-2020 жылдары Қошанкөл ауылдық округінің әкімі;
2020-2021 жылдары Казталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2021-2023 жылдары Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2023 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.