
Манарбек Жұмағалиұлы Бектияров 1982 жылдың 21 наурызында БҚО Казталов ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келді.
2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006-2012 жылдары Ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқытушы-жаттықтырушы, аға жаттықтырушы қызметтерінен бастаған.
2012-2017 жылдары Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2017-2019 жылдары Шыңғырлау спорт клубының директоры;
2019 жылдың қазан айынан бастап Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келді.