
Сүйіншқалиев Төлеген Максимұлы 1968 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1993 жылы Алматы мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жанұялы, отбасында жұбайы, екі ұлы және екі қызы бар.
Еңбек жолын 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық салық инспекциясының тергеу инспекторы қызметінен бастаған.
1991-1997 жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Красный партизан ауылдық Кеңесінің аға есепшісі;
2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының маманы;
2005-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2008-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-аппарат жетекшісі;
2009-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-бухгалтері;
2019-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы;
2022 жылдан осы күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.