
Ғалымов Арман Максимұлы 1982 жылы 25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараоба ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша бітірген.
2023-2026 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Қаржы» бағдарламасы «Бизнес және басқару бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2004 жылдары №44 орта жалпы білім беретін мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі;
2004-2005 жылдары Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының еңбек пәнінің мұғалім;
2005-2013 жылдары Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының тәлімгері;
2013 жылы жылдары Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы жанындағы интернат меңгерушісі;
2013-2017 жылдары Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің директоры;
2017-2018 жылдары Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің директоры;
2018-2020 жылдары Қараоба ауылдық округінің әкімі;
2020-2021 жылдары Казталов ауылдық округінің әкімі;
2021-2022 жылдары Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мемлекеттің коммуналдық қазыналық кәсіпорынының педагог-ұйымдастырушысы;
2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынының директоры;
2024-2026 жылдары арлығында Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мемлекеттің коммуналдық қазыналық кәсіпорынының қосымша білім беру педагогы қызметін атқарды.
2026 жылдың 8 шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.